АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.


23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.05.2017

31-Мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні.

                      31-Мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні.

Бұл күні Алматы қаласы бойынша 4 аудан  Қарасу елді мекеніндегі «Қанды сай» ескерткішіне барып гүл шоқтарын қойды. Бұл ескерткіш 1990 жылы Қарасудағы  №-1мектеп ұжымының қолдауымен қуғын сүргін құрбандарына арнайы орнатылған. Содан бері кейінгі ұпақ жыл сайын осы жерге келіп құрбандардың аруағына тағзым етеді. Бұл жолы Іле, Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарының әкімшілік аппараттарының қызметкерлері және аудан халықы  жиналды. Олар сонау 1932 жылы ашашылықтан қырылып, жазаықсыз жапа шеккен ұлт зиялылыары туралы тарихи әңгімелер айтты.

  Жиналғандар Саяси қуғын-сүргін құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып,  «Әуелхан» мешітінің бас имамы Мұртаза Маңғытбай құран оқып, жиналғандар қол жайды.

Алатау ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Құдайберген Қабдолдин  сол нәубет жылдары қазақ халқының басына оңай тимегендігі жөнінде сөз етті. Ұлт зиялыларын халық жауы деп, ату жазасына кессе, олардың бала-шағасын лагерлерге аттандырды. Әсіресе Ақмоладағы «Алжир» лагерінде халық жауының әйелдері азап шеккен.  Кейінгі ұрпақ қашанда халық үшін қаза болғандарды естен  шығармақ емес деді, ол өз сөзінді.

 Сол жылдары   Кеңес өкіметінің солақай саясатының салдарынан  Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Олардың тума-туыстарына да оңай болмаған.

 Алжир лагерінде 25 жыл қамауда болған саяси нәубеттің құрбаны, ұлт зиялыларының бірі Темірбек Жүргеновтың жары Дәмеш Ермекова (Жүргенова) өмірінің соңына дейін жарының кінәсіз екенін айтып, «Темірбек халық жауы емес, жаны таза, жүрегі ақ», – деп дәлелдеп өткен.  Қарасу елді мекеніндегі  «Қандысай» ескерткішінің орынын тапқан да осы кісі екен. Бұл ескерткішке биыл 25 жыл. Бүгінгі жиынға жиналған халық ұлт үшін жапа шеккен ұлт көсемдеріне тағзым етіп тарқасты.


31.05.2017