АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
      9 мамыр «Жеңіс күні»

20.05.2019
9 мамыр «Жеңіс күні»


17.05.2019
Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды


16.05.2019
Аудан әкімдігі ғимаратында жұмыспен қамту жөнінде түсіндірме жұмысы өтті.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.05.2019

7 мамыр Отан қорғаушылар күні



Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылуына 20 жыл толуына орай 7 мамыр -Отан қорғаушы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгіленген бұйрыққа қол қойды. Бұл- мейрам 2013 жылдан бері тойлануда. Биыл Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 27 жыл. Осындай ауқымды мерекені ауданымызда атап өттік


Айтулы шараға ауданнан 2500 халық жиналды. Аудан әкімі Шахмерден Рыспаев ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және чернобыль апатына қатысқан жандармен бірігіп, аудан әкімдігі ғимараты алаңындағы «Даңқ» мемориал ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Алаңға жиналған халық назарына концерт ұсынылды. Концерттік бағдарламада №7552 әскери бөлімінің әскерилерінен құралған мерекелік шеру өтті. Аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев аудан халқын айтулы мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар патриоттық әндер шырқалып, соғыс жайлы қойылымдар қойылды. Қарт майдангерлер сонау сұрапыл соғыс жылдарында бастан өткендерін еске алып, көздеріне жас алды.

Концерттен кейін аудан әкімі Шахмерден Рыспаев «Ағайын» мейрамханасында ардагерлерге арнайы ұйымдастырылған дастархан жайды.

Ардагерлерді аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Құдайберген Қабдолдин құттықтап сөз сөйлеп, аудан әкімінің атынан азық-түлік себеттері үлестірілді.

Концертте Арман Дүйсенов, Абай Бегей, «Салтанат» би тобы т.б өнер көрсетті.

08.05.2019