АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аудандық ардагерлер ұйымы президиум мәжіліс өткізді.

20.08.2019
Аудандық ардагерлер ұйымы президиум мәжіліс өткізді.


19.08.2019
Ата-аналар, балаларды терезеден құлап кетуден сақтаңыздар!


14.08.2019
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.08.2019

Қала әкімі аудан халқымен кездесті.



Алматы қаласы бойынша құрылғанына он жылдан енді асқан, кенже аудандардың бірі Алатау ауданына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев келді. Ауданның тыныс-тіршілігімен бүған дейін таныс болған қала басшысы аудан халқымен жүздесіп, олардың ниет тілектерін тыңдап, мәселелеріне назар аударды. Жиналған тұрғындар қала әкіміне шешілмей жатқан мәселелерін айтып, сұрақтарын қойды.


    Жиынға қала әкімі және жауапты мекеме басшылары да қатысты. Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға аяқталған жұмысты қабылдап аларда жан-жақты тексеріп толыққанды аяқталғанда ғана қабылдау керектігін айтты.

Бақытжан Сағынтаев жиналған жұрттың әр қайсысының сұрағын жіті тыңдап, назарға алды. Аудан бойынша 500 ден астам халық қала басшысымен кездесуді көздеп келіпті. Олар көкейіндегі сұрақтарына тұшымды жауап алып тарқасты.

Сонымен қатар, басқосуға аудан әкімі Шахмерден Рыспаев және орынбасарлары, әкім аппарат қызметкерлері, жауапты сала мамандары және ауданның мекеме басшылары да қатысты.

09.08.2019