2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы қаласының барлық кәсіпорындары ұйымдары үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.

06.04.2020

Алматы қаласының барлық кәсіпорындары ұйымдары үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.




03.04.2020
Дүйсенбіден бастап, «Алматы» телеарнасынан бейнесабақтарды көрсетуді бастаймыз.


25.03.2020
Азық-түлік себеттері таратылды.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.03.2020

«Дене белсенділігі» тақырыбында акция өтті


 

Алатау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен 2020 жылдың 28 ақпанында Рыскулова көшесі, 103/3,   мекен жайында орналасқан   «Алатау» сауда орталығында орналасқан «LEGION» ЖШС-нің спорт-сауықтыру тренажер залында «Дене белсенділігі» тақырыбында акция өткізілді.

            Акцияға кәсіби жаттықтырушылар мен жаттығу залында шынығып жүрген азаматтар қатысты. Кәсіби жаттықтырушылар тарапынан, қатысушыларға белсенді жаттығулар жасауға кәсіби кеңестер берілді. Белсенді жаттығулар жасалынып, жаттығу жасау ережелері көрсетілген, парақшалар таратылды. Акцияға қатысушылармен «Артық салмақ және семіздік дегеніміз не?», «Үйлесімді тамақтану жөніндегі 12 қағидасы», салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану, сонымен қатар темекі шегудің адам денсаулығына зияндылығына талдау жасалды.

Аталған акцияның басты мақсаты халықтың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылықты арттыру және күнделікті өмірде ұстану, құнарлы, сапалы тамақтану барысына бағытталған. Мықты денсаулық пен жоғары иммунитеттің негізгі шарттары дұрыс үйлесімді тамақтану мен спорттық шынығулар болып табылады. Акция қорытындысы бойынша қатысушылар белсенді спорт пен дұрыс тамақтанудың денсаулықтың басты кепілі екендігіне сенім білдірді.

Акция соңында 2018 жылғы 31 қаңтардағы ҚР ДСМ бекітілген «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» жол картасының жоспарын жүзеге асыру мақсатында «LEGION» ЖШС-нің орталығының объект аумағында темекі шегуге тиым салу туралы меморандумға қол қойылды.

          

        

02.03.2020