АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданының 70-тен астам оқушысы

23.04.2019
Алатау ауданының 70-тен астам оқушысы "Жас құтқарушы" жарыстарының бірінші кезеңіне қатысты.


23.04.2019
Алатау аудандық ардагерлер ұйымының кеңесі пленум өткізді


19.04.2019
Алатау ауданында Халқаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай шара өтті.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Ұлыстың ұлы күні тойланды.

                            Ұлыстың ұлы күні тойланды.

Наурыз-жер жаҺанның жаңарып, төрт түлік төлдеп, бәйшешек бүршік жарып, барша табиғаттың түрленіп,- жанданатын кезі. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Наурыз қазақ үшін қасиетті ай. Ұлыстың ұлы күні ренжіскен жандар татуласып, сағынысқандар құшақтасып арқа-жарқа болып жатады.


Алатау ауданындағы «Алматы арена» алаңына аудан жұрты көп жиналды. Құрылған киіз үйлер қазақы нақышта безендіріліп, арнайы мерекелік дастархан жайылып, жиналған жұртқа наурыз көже үлестіріліп жатты. Наурыз дастарханы ұлттық тағамға толы болды.

Ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жиналғандар сайысқа түсіп жатса, қазақы нақышта жасалған қолөнер бұйымдары сатылымға түсті.


Қазақы құмай тазы мен қыран бүркітте бұл тойда көрініс тапты. Оларды қызықтап естелікке түсіп жатқандар аз болмады. Алаңға жиналған халық көтеріңкі көңіл күйде болыды. Бірін-бірі көптен көрмеген жандар қазақы дәстүр бойынша төс қағысып амандасып-табысып та жатты. Осылайша Алатау ауданында Наурыз той тойланды. Мереке соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

26.03.2019