2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы қаласының барлық кәсіпорындары ұйымдары үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.

06.04.2020

Алматы қаласының барлық кәсіпорындары ұйымдары үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.




03.04.2020
Дүйсенбіден бастап, «Алматы» телеарнасынан бейнесабақтарды көрсетуді бастаймыз.


25.03.2020
Азық-түлік себеттері таратылды.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.02.2020

Алматы қаласының Алатау ауданында «Көктем-2020» оқу-жаттығуы өтуде


 

Алматы қаласы Алатау қаласында өткізілетін «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына 17 бірлік түрлі техника мен арнайы жабдықтарды пайдаланатын 66 адам қатысты.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінен басқа оқу-жаттығуды өткізу үшін Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтері мен Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметі жұмылдырылды. Сонымен қатар оқу-жаттығуды өткізу ойына сәйкес Алматы қаласының авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өткен жылдардағы су тасқыны тәжірибесіне сүйене отырып, қаланың жиі су басатын учаскелерінде оларды нақты қолдану арқылы дайындығы тексерілді.


Практикалық іс-әрекеттерді пысықтау үшін екі оқу орны анықталды.

№ 1 оқу орны - Ф. Оңғарсынова көшесі бойында орналасқан ұзындығы 350м болатын жеке тұрғын үйлерді су басуын болдырмау үшін өзеннің арнасын тереңдету жұмыстары және қар мен мұздан тазалау жұмыстары жүргізілді.Тазарту нәтижесінде 10 м3 мұздақ шығарылды.

№ 2 оқу орны – «Алғабас» ықшам ауданы, Қожабеков көшесінің көпір қиылысында Бес Арыс көшесінің бойында орналасқан, ұзындығы 500 м болатын жеке тұрғын үйлерді су басу және мұздың алдын алу үшін қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізілді.Тазарту нәтижесінде 15 м3 мұздақ және 4 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Оқу-жаттығу аясында «Қарғалы» өзенінде ұзындығы 0,8 км құрайтын өзен арнасын қардан, мұздан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, жыл сайын өткізілетін оқу-жаттығулар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің көктем кезеңіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығы мен қабілеттілігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, оқу-жаттығуды өткізу кезінде азаматтық қорғау қызметтерінің тәжірибе іс-қимылдарын талдау негізінде олардың барлығы қалыптасқан жағдайды толық меңгеріп, су тасқыны кезеңінің ықтимал ТЖ алдын алу және жою бойынша қойылған міндеттерді шешуге қабілетті екенін білдірді.

26.02.2020