АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.07.2017

  Осыдан тоғыз жыл бұрын жетінші аудан болып, «Алатау» деген атпен осы аудан құрылған болатын. Күрмеуі көп,- мәселелері оңайлықпен шешілмейтін, халқы наразы, ми батпақ даласы көп жаңа аудан не мектепке, неи емханаға тіпті ауыз су жарыққа жарымаған болатын.

                

  Осыдан тоғыз жыл бұрын Шаңырақ ықшам ауданындағы №169 ЖББ мектепте жаңа ауданның әкімі болып Бағдат Мәнізоров сайланған болатын. Бүгін дәл осы білім ордасында аудан басшысы Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен аудандағы барлық мекеме ұжымдарын жинап, оларға жүрекжарды тілегін айтып, тоғыз жылда атқарған еңбектеріне зор алғысын білдірды. Аудан құрылғалы бері басы-қасында жүріп халықтың мұң мұқтажын тыңдап, халықпен бірге болып, ауданның көркейуіне үлестерін қосқан –Аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Құдайберген Қабдолдин, аппарат басшысы Баймырза Торламбаев, әкімнің орынбасары Маржан  Балбаева, сонымен қатар аудан депутаттарына, кәсіпкерлерге аудан әкімі ерекше ықыласын білдірді.

              

 -«Аудан құрылғалы бері ; әр іске жіті назар аударып, асқан іждахаттылықпен еңбек еттіңіздер. Сеніп тапсырған істі аяқсыз қалдырмадыңыздар. Сіздерге тек жақсылықтар тілеймін.,- бұл өмірдің заңы. Біз мемлекеттік қызметкерлерміз. Ал, Мемлекеттік қызметкер әскери адам сияқты-деді аудан басшысы өз сөзінде».

             

 Бүгінде ауданда ауыз толтырып айтарлықтай жетістік көп. Заманауи техникалармен жабдықталған мектептер мен ауруханалар салынды. Балабақша мәселесі толыққанды шешілген. Завод фабрикалар да жоқ емес. Сот жүйесі, халыққа қызмет көрсету орталыгы, салық комитеті, Ішкі істер басқарамасы жұмыс жасауда. Осының бәрін тоғыз жыл көлемінде жүзеге асырған аудан әкімі Бағдат Мәнізоров. Осыншама еңбек етіп халық ризашылығына бөленген Бағдат Мәнізоровты әріптестері қимастықпен шығарып салды. Бұдан былай Бағдат Мәнізоров аудан әкімі қызметінен кетіп басқа салада мансабын жалғастырмақ..

04.07.2017