АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын -алу» тақырыбында кездесу өтті.

24.05.2019
Алатау ауданында «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын -алу» тақырыбында кездесу өтті.


22.05.2019
Алатау ауданы әкімі аппаратында Шаңырақ-1 ықшамауданының көпбалалы аналарымен кезекті кездесу өтті.


20.05.2019
9 мамыр «Жеңіс күні»

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.03.2019

Аудан әйелдеріне арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды

2019 жылдың 5 наурызы күні, Алатау ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ауданның көпбалалы аналардың құрметіне, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, мерекелік концерт ұйымдастырлыды. 


8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері келген әр әйелге аудан басшысы Шахмерден Рыспаевтың атынан естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын сыйлады. 


Әйелдер – әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жан иелері. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек. Отбасының ынтымағын сақтаушы аналардың орны қоғамда ерекше. Әйелдер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл қазынасы деген құрметке лайық. Бiздiң халқымыз ежелден әйел затын ар-намысына балап, ерекше қадiрлеген. 


Мереке соңы қазақстандық әншілердің, ауданның талантты жастары мен би топтарының қатысуымен дайындалған, концерттік бағдарламаға ұласты.



05.03.2019