АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау аудандық пробация бөлімінң есебінде тұратындарға  Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

14.11.2019
Алатау аудандық пробация бөлімінң есебінде тұратындарға Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.


12.11.2019
Тұрғындарды қабылдау


11.11.2019
«Таза қолдар» тақырыбындағы өткізілген акция

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.05.2015

7 Мамыр Отан қорғаушылар мерекесі Алатау ауданында атап өтілді

Мерекелік шара Алатау аудан әкімдігінің ғимаратының алдында болды. Шараға аудан тұрғындары басқада қалың көпшілік қатысты.

Аудан әкімі Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы ҰОС-ардагерлеріне осы бейбіт заманда күн кешіп, бақытты күліп жүруімізге сіздер себепшісіздер Құрметті ардагерлер, әлі де ұзақ ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін, - деп өз алғысын білдірді.

Ардагерлер мен аудан басшысы болып, әкімдік ғимаратының маңындағы «Даңқ» мемориал ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Одан кейін мерекелік шеру болды. Мейрам концерттік бағдарламамен жалғасты. Концертте соғыс туралы әндер шырқалып, би биленді.

Өнерпаздар сонау сұрапыл соғыс жылдарын қарт майдангерлердің көз алдына әкелгендей әсер қалдырды. Қариялар қанша қол соғып қошемет көрсетіп қойылымды тамашалап отырса да, жүздерінен қан майданның көрінісін ұмытпағандары көрініп тұрды. Араларында қойылымды тамашалап отырған сәтте мұңайып, көздеріне жас алғандар да байқалды.

Әрине ешқайсына бастарынан өткізген соғыс қасіретін жадынан шығарып тастау қашанда оңай болмасы анық. «Біз көрген соғысты бастарыңа бермесін» - деген сөзді жиі айтатындықтары да сондықтан.

Кеуделері медальға толы қарттар концерттен кейін «Алатау» мерамханасында арнайы жайылған мерекелік дастарханға жайғасты. Бұл кейінгі ұрпақтың келешек ұрпаққа жасаған жақсылығы үшін көрсетіліп жатқан сый құрметті.

Аудан бойынша барлығы 43 ардагерге магнитола және азық түлік себеттері табысталды. Аудан әкімі Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы осылайша барша қарияларға сый құрмет көрсетті.

Риза болаған ардагерлер балаша қуанып, тарқасты.

07.05.2015