АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Біз адам саудасына қарсымыз

19.04.2019
Біз адам саудасына қарсымыз


19.04.2019
Алатау ауданында Халқаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай шара өтті.


18.04.2019
Аналарға қамқорлық жөнінде жиын өтті.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.05.2018

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні


     Қазақстан 150 ұлттың басын құраған көпұлтты мемлекет. Өзге ұлт өкілдеріне құрмет білдіріп, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін атап өту жылдағы дәстүрімізге айналған. Алатау ауданы бұл мерекені тойлаудан қалыс қалмады. Биыл да аудан тұрғындары мен қонақтары жиылып мерекені атап өтті. «Алғабас» ауданында орналасқан стадионда аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған концерт өтті.


   Мерекелік іс-шара ұлттар достастығын бейнелейтін хореграфиялық қойылыммен басталды. Қойылымда 70 өнерпаз әр ұлттың дәстүрі мен өнерінен сыр шертетін композицияны тарту етті. Ұйғыр, кавказ, вайнах, корей ұлтының өкілдері ұлттық билерін билеп, көпшілікті тәнті етті.


    Сонымен қатар, стадион аумағында ұлттық ойындар ойнатылып, қолөнер бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды.



01.05.2018