АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті

15.01.2019

Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті



14.01.2019

Аудан әкімі Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев 2018 жылдың қортындысы бойынша халық алдында есеп берді



10.01.2019

Л. Гончаров атындағы Қазақ көлік академиясында салауатты өмір салтын насихаттау


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.12.2018

Алатау ауданы әкімінің балаларға арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті

     2018 Жаңа жыл мерекесін тойлау еліміздің әр аймағында басталып кетті. Көпшілікке қуаныш сыйлайтын бұл мерекені әсіресе балалар қауымы асыға күтеді. Ақжүрек бала көңіл жыл сайын Жаңа жылдан ерекше сыйлықтар күтсе, ересектер қауымы келер жылдан жаңалық, табыс күтеді. Ғажайып мерекенің ғажайыбын сезіндіру мақсатында, Алатау ауданы әкімінің шыршасы ұйымдастырылды.

    Жаңа жылдық шыршаға аудан бойынша 230 бөбек қатысты. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан, көп балалы отбасынан шыққан және Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар бар.

   Аудан әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы сөз сөйлеп, балаларға арнаған Жаңа жылдық жүрекжарды тілегін жаудырды. Одан соң шыршаны жағып, өз қолымен мерекеге келген бүлдіршіндерге сыйлықтарын табыс етті. Жаңа жылдық шырша Мемлекеттік қуыршақ театрында өтті. Театр актерлері әр түрлі ертегі кейіпкерлерін сомдап, концерттік бағдарламаларын тарту етті. Кішкентай бүлдіршіндерге күлкі, қуаныш сыйлай білгені үшін Алатау ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері дән риза!

27.12.2018