2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
31 Мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31.05.2020
31 Мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


28.05.2020
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының өкілімен бірге аудан аумағында ағаш отырғызу мәселесі талқыланды.


22.05.2020
Судағы қауіпсіздік бәрінен жоғары

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Қыркүйектің 23 жұлдызында Алатау аудан әкімдігінің ғимаратында Мемлекеттік рәміздердің стандарты мен қолдануы бойынша жиын болып өтті
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2015

Қыркүйектің 23 жұлдызында Алатау аудан әкімдігінің ғимаратында Мемлекеттік рәміздердің стандарты мен қолдануы бойынша жиын болып өтті

Бас қосуда Мемлекеттік нысандардағы, Мемлекеттік мекемелердегі Мемлекеттік рәміздердің, яғни Елтаңба, Ту және Гимнның өз ретімен қойылуы жөнінде сөз болды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей «Мемлекеттік рәміздер - біздің елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі».

Еліміздің әр азаматының бойында ұлттық потриотизм отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас болуы шарт. Осы қасиеттер әр азаматтың Мемілекеттік рәміздерге деген құрметтен байқалады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мынандай өзгерістер кіреді:

  • Түсі латун маркасы Л-63
  • Өлшемдері мен түсіне рұқсат етілген ауытқу шегі анықталған
  • Стандартталған сынау әдістемелері
  • Өндірушінің қолдануға берген кепілдік мерзімі 3 жылдан кем болмауы керек

Бұрынғы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» ҚР СТ 989-2008 Ұлттық стандарты бойынша әзірленген мемлекеттік елтаңба 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады.

Жиында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қызғарин Құралбек Балтабекұлы және Қазақстан стандарттау институтының бас маманы Боканова Мадина Жаканқызы баяндама оқыды.



23.09.2015