АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2017
2017 жылдың 17 шілдеде Алатау ауданында безгек масасына қарсы улаудың 3-туры өтті.


04.07.2017
Алатау ауданының құрылғанына биыл 9 -жыл.


27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.05.2017

4 –і Маусым- Мемлекеттік Рәміздер күні.

   Маусымның 4-і Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

  Айтулы мерекеге орай Алатау аудан әкімінің мәжіліс залында семинар өтті. Басқосуға ауданның мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Малжан Балбаева ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде -Елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік рәміздер-біздің елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі». Сондықтан, ресми рәміздер-ел азаматтарының патриодттық сезімін арттыруға, тарихи құндылықтарын терең түсінуге, ұлттық санасын шыңдауда маңызы зор екендігі барлығыңызға белгілі деді.

  Жиын барысында стандарттау институтының қызметкері Зинаида Димидова Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша баяндама жасады.

  Сонымен қатар, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әдемі Нысанбек сөз алды.

Жиналғандар баяндамашыларға Мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.




29.05.2017