АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Бент» көлі аумағында сенбілік өтті

19.05.2018

«Бент» көлі аумағында сенбілік өтті



09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!



05.05.2018

Батыр аналар «Күміс алқамен» марапатталды


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.04.2018

50 жылдық мерейтоймен құттықтады

     Алатау ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімі ауданымыздың аса құрметті де, қадірлі қариялары Касен Шалабайұлы мен Кайкен Мұқашқызының отбасын құрып, шаңырақ көтергеніне 50 жыл толған «Алтын» тойларымен құттықтап, Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Қарсақбаеваның құттықтау хатын табыс етті. Құттықтау хатында, алдағы уақытта «Гаухар» тойға жетіп, немере шөберелердің қызығын көруге тілектес екендігі білдірілген.


         Касен Шалабайұлы еңбек жолын 1965 жылдан бастап, Алматы қаласының шекарасына өткен Ақсай округінің әкімі лауазымын атқарған. Осы ерен еңбегі үшін «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

         Өмірлік серігі Кайкен Мұқашқызы 40 жыл бойы ұстаздық етіп, еңбек жолында көптеген жетістіктерге жеткен жан. «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы тағы бар. Республикалық мұғалімдер съезіне делегат болған ұлағатты ұстаз, қазіргі уақытта құрметті демалыста. Касен Шалабайұлы екеуі бес баланы тәрбиелеп өсіріп, олардан немере – шөбере сүйіп отырған жайы бар.


         Қасен аға әлі де қоғамдық еңбектен қол үзген жоқ. Алатау ауданы, «Алғабас» ықшам ауданы ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы, өнегелі қария.

 

19.04.2018