2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
 Жұмыс сапары барысында бүгін аудан әкімі Азамат Қалдыбеков инженерлік желілер құрылысының барысын тексерді.

08.07.2020
Жұмыс сапары барысында бүгін аудан әкімі Азамат Қалдыбеков инженерлік желілер құрылысының барысын тексерді.


07.07.2020
Бүгін аудан басшысы Азамат Қалдыбеков Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Тоқтарханұлының қатысуымен ауданның проблемалық мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.


03.07.2020
Алматы қаласының әкімі Б.Ә.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша халық арасында карантиндік нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтілді. (бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық және жеке гигиена сақтау).

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.07.2019

6 шілде еліміздің Бас қаласы Нұрсұлтанның туған күні аталып өтті

Астананың еліміздің бас қаласы болғанына биыл 21 жыл толып отыр. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.

Астана атауын Нұрсұлтан етіп өзгерту биыл 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі кезінде ұсынылды. Осылайша, Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын және еңбегін елеуді жөн көрді. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атын өзгерту мақұлданды.

6 шілде күні Алатау ауданының   әкімдігі ғимараты алаңында аудан халқы жиналды. Ұйымдастырушылар тарапынан жұртшылыққа арнайы меркелік бағдарлама мен сауда –саттық нүктелері жұмыс жасады.

Мерекелік концертте Мұхтар Ханзада, Талғат Жорабаев, Жұлдыз- ай би тобы және тағы да басқа өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

Жиналған жұртшылық өнерпаздармен бірге би билеп, көтеріңкі көңіл- күйде тарқасты.

06.07.2019