АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді

05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді



04.12.2017

Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі



30.11.2017

Ауданымыздағы шығыс жекпе-жегі спортының2016-2017 жылдардағы жетістігі


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.09.2017

«Ұстаздар күні» мерекесі!

     Күз мезгілінің алтын шуағымен бүкіл елімізде салтанатты түрде ұстаздар қауымының төл мерекесі аталып өтеді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Алатау ауданы әкімінің апаратында 29 қазан күні «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған концерт өтті. Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Саят Болатұлы мінбеге шығып ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады. Аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөзінде ауданымыздың білім саласындағы жетістіктерін атап өтті. «Өздеріңізге белгілі, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден ауданымыз республика бойынша үш жыл бойы көсбасшы болып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. 2015-2016 оқу жылында ауданымыз 97,5 пайызбен жақсы нәтиже көрсетті. Ұлттық бірыңығай тестілеу нәтижесінде аудан бойынша 5 мектеп 100 баллдан асты. Олар: 1 орын 110,9 баллмен Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Өтеш Әбдімәжит Қоңырбайұлы басқарып отырған №178-ші физика-математикалық лицейі, 2-ші орын 108,7 баллмен Ахметов Талғат Дүйсенәліұлы басқарып отырған №166 физика-математикалық лицейі, 3-ші орынды 107,2 баллмен Әбдікәрімова Рима Сабыржанқызы басқарып отырған №152 мектеп-гимназиясы, 4-ші орынды 104,6 баллмен Бекенова Гүлжан Мырзалықызы басшылық етіп отырған №169 мектеп-лицейі , 5-ші орынды 103,4 баллмен №156 мектеп иеленді, директоры Ахметова Гүлнәр Мәмбетқызы. Сонымен қатар, жыл сайын «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер саны артып келеді. Атап айтсақ, егер 2015-2016 оқу жылында «Алтын белгі» төсбелгісін 46 оқушымыз қорғаса, өткен оқу жылында 78 оқушы қорғап шықты. Сондай-ақ, 56 оқушымыз республикалық және қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленді».

    Бүгінгі күні ауданымызда 2900 ұстаз қызмет етеді, соның ішінде өз мамандығы бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетіп, үлгілі тәрбие беріп жүрген ұстаздар да аз емес. Бүгінгі мерекеде аудан үшін еңбек сіңірген ұстаздарға аудан әкімі атынан алғыс хат табыс етілді. Смағұлова Әлия Белгібайқызы – Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері, Шаметова Ғалия Асқарқызы - №164 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі, Амиралиева Зада Тәліпқызы - №165 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі, Найманбеков Жандос Ахметбекұлы - №152 мектеп-гимназия, Информатика пәнінің мұғалімі,Жанпейсова Күлбадан Әмірқызы - №114 ЖББ мектеп, Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қасымбекова Зәуре Асанқызы – Олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-коледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі алғыс хатпен марапатталды. Мереке соңы ұстаздар күніне арналған концертке ұласты.


29.09.2017