АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Бент» көлі аумағында сенбілік өтті

19.05.2018

«Бент» көлі аумағында сенбілік өтті



09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!



05.05.2018

Батыр аналар «Күміс алқамен» марапатталды


  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы «АЗТМ – Алғабас», «Ақкент», «Нұркент», «Атлетикалық ауыл» ықшамауданы тұрғындарына есеп берді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.01.2018

Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы «АЗТМ – Алғабас», «Ақкент», «Нұркент», «Атлетикалық ауыл» ықшамауданы тұрғындарына есеп берді

   Аудан әкімінің есеп беруінің желілік кестесі бойынша бүгін Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы «АЗТМ – Алғабас», «Ақкент», «Нұркент», «Атлетикалық ауыл» ықшамауданы тұрғындарының алдында 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Есеп беруге Алатау аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұқан Тұрашұлы қатысты.


    Ауданның инфрақұрылымын дамыту аудан әкімдігінің негізгі жұмыстарының және басым бағыттарының бірі болып табылады.

   Алатау ауданында 37 300 жеке және 518 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. Өткен жылы 257 млн. теңгеге 15 аулаға көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы «Алғабас-6», «Ақбұлақ», «АЗТМ», «13,14 аумақ» ықшамаудандарында 400 млн. теңгеге тағы 20 ішкі аулаларды көріктендіру жұмыстары жоспарлануда.

  «Ақбұлақ» ықшамауданының шығыс бөлігінде ауыз су мен кәріз жүйелерін жүргізу жұмыстары аяқталысымен ұзындығы 7,8 шақырымды құрайтын 14 көшеге, «АЗТМ» ықшамауданында 3,2 шақырымды құрайтын 7 көшеге асфальт төселді.

   Сондай-ақ, «АЗТМ» ықшамауданындағы Сұхамбаев көшесіне ұзындығы 283 метрді құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Шаңырақ-2» ықшамаудандағы Аубакиров көшесіне 287 метр, «Домиллион» сауда кешеніне қарама қарсы Саин көшесінің бойына 140 метр және «Әйгерім-2» ықшамауданындағы Школьная көшесіне 150 метр тротуар салынды.


  Сонымен қатар, жалпы аудан бойынша жолдардағы шұңқырларды жамап, түзеу жұмыстары толығымен жүргізілді.

   Алатау ауданы «Нұркент» ықшамауданында 600 орынға арналған жаңа мектеп, сондай-ақ, ауданда 4 жаңа балабақша салынуда. Олар: «Алғабас» ықшамауданында 120 орындық, «Теректі» ықшамауданында 120 орындық, «Нұркент» ықшамауданында 320 орындық, «Саялы» ықшамауданында 320 орындық балабақшалар, жалпы бөлінген қаражат сомасы 2 млрд., 781 млн. теңге.

   Халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, «Саялы» ықшамауданында 47 көпқабатты, «Нұркент» ықшамауданында 22 көпқабатты тұрғын үйлер салынуда, Момышұлы көшесінің бойында жеке инвестиция есебінен 87 тұрғын үйдің 10-ы салынды, 24 үйдің құрылысы жүргізілуде

    Аудан әкімінің есеп беруінен кейінгі сөзді Алатау ауданы ІІБ ЖПҚ басшысы полиция полковнигі Баймұратов Нархозы Орынтайұлы алып, қылмыстық істер бойынша есебімен таныстырды.


   Есеп берудің келесі бөлімінде «Сұрақ,жауап» бойынша тұрғындар тарапынан 19 сұрақ қойылып, бөлім басшылары тарапынан жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


26.01.2018