АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқыланды

10.10.2018

Президент жолдауы талқыланды



09.10.2018

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы жөнінде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстары жүргізілді



09.10.2018

Алатау ауданында 20 ауланы көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.10.2018

Ұстаздар күні

     Қоғам қашан да ілім мен білімнің жаршылары – ұстаздардың беделін жоғары бағалаған. Халқымызда «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», - деген сөз бар. Тәлімі мен тәрбиесі толағай, болашақта берері мол ел алдында жүрген талай азаматтар ұлағатты ұстаздардан өріс алды.

      Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық үміті мен болашағын тапсыратын сенімді өкілі.

       Бүгінде Алатау ауданындағы 27 жалпы білім беретін мектепте сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан, саналы ұрпақ тәрбиелеп жүрген 2915 ұлағатты ұстаздар қызмет етеді.

      2018 жылғы 4 қазан күні №26 жалпы білім беретін мектепте аудан әкімі ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады. Мерекеге аудандық мекеме басшылары, ардагерлер және 350 мұғалім қатысты.

      Іс-шара кезінде білім және тәрбие саласында ерекше жетістіктерге жеткен ұстаздар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұханқали Алмасаев білім беру саласында қызмет етіп, партияның бағдарламалары мен жобаларын іске асыруда белсенділік танытып жүрген бірнеше партия мүшелеріне «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлының атынан дайындалған Алғыс хаттармен марапаттады.Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, қазақ сахнасының жұлдыздары ән мен билерін орындаса, ақындар ұстаздарға өз арнауларын тарту етті.


04.10.2018