2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Судағы қауіпсіздік бәрінен жоғары

22.05.2020
Судағы қауіпсіздік бәрінен жоғары


18.05.2020
Өмір үшін…


15.05.2020
Алматылықтар, алау жағуға болмайды!

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі-әлеуметтік науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.04.2020

Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі-әлеуметтік науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу.


 

Басқа елдерден келген науқастар және олармен байланыста болған азаматтар анықталғаннан кейін міндетті тестілеуге жататын жандардың аясы кеңейеді. «Жедел жәрдем»,-емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлмелеріндегі, провизорлық стационарлар мен зертханалардағы медицина қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Санэпидемиологтар сияқты олар да үнемі тестілеуден өтеді.


Бұдан өзге медициналық қызметкерлер, полицейлер, әскери қызметшілер мен блок-бекеттегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері де тексеруден өтеді. Сондай –ақ, тестілеуден өтуге респираторлық ауру белгілері бар,өкпе қабынуы мен (пневмония) ауыратын және тыныс алу органындағы сырқатымен есепте тұрған қала тұрғындары да қамтылмақ. Сонымен қатар, жедел-тестілеуден қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер мен кәсіпорндардың жұмысщылары да өтетін болады.

Вирустың жасырын ошағын дер кезінде анықтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Біздің міндетіміз –қауіпті індеттің өршіп кетуіне жол бермеу.

08.04.2020