АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбындағы өткізілген акция
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.04.2019

«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбындағы өткізілген акция

«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбындағы өткізілген акция

            2019 жылдың 28 наурызында, Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыптарында «Кенжехан 1» базарында акция өткізілді.

           Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіру болды.

           Тұтынушылар сатып алған тағам өнімдерін Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарының жедел әдістерімен тексеріліп, үйге сапалы әрі қауіпсіз тағамды апаруларына мүмкіндік туды. Бұл өткізілген шаралар акцияның талабы бойынша заман талабына сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды және дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға мүмкіншілік туды. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, тұтынушыларға нәтижесін жариялап берді.


Акция өткізу барысында фортификацияланған ұнның маңыздылығы мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының негізі туралы құқықтық нормативтік актілердің өзгерістері түсіндірілді.

Сонымен қатар тұтынушыларға тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша 59 сұрақнама жүргізіліп, сатып алушыларды қызықтырып жүрген барлық сұрақтарына жауап берілді, әр тұтынушымен жеке түрде салауатты тамақтану тақырыбында кеңестер беріліп 67 парақшалар таратылды.


Тағам өнімдерінің сатып алғанда сыртқы қорабына, сақтау мерзіміне және температуралық сақтау жағдайларына көңіл бөлу керек екендігі туралы қажетті ақпараттар берілді.

01.04.2019