АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ашық есік күні

16.09.2019
Ашық есік күні


16.09.2019
Алматының туған күні аудан көлемінде аталып өтті.


13.09.2019
Отбасы тақырыбында жиналыс өтті.

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбындағы өткізілген акция
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.08.2019

«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбындағы өткізілген акция

2019 жылдың 23 тамызында, Алатау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары және Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» тақырыбында «Алатау 2» сауда орталығында акция өткізілді.


Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіру болды.

Бұл күні әр тұтынушылар сатып алған өнімдерге тегін түрде заман талабына сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды және дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға мүмкіншілік туды. Көптеген тұтынушылар сатып алған жеміс-жидектерін, көкөністерді және пісірілген тауарларын тексертуге әкелді. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, тұтынушыларға нәтижесін жариялап берді.

Сонымен қатар тұтынушыларға тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша 81 адамға сұрақнама жүргізіліп, ескертпелер мен парақшалар таратылып, тағам өнімдерін сатып алғанда неге мән беру керек екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін анықтауда корабына, таңбасына және сақтау мерзіміне көңіл бөлу керек екендігі туралы қажетті ақпараттар берілді.

23.08.2019