АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ауданның құрылғанына 10 жыл толуына орай әлеуметтік қызметкерлер арасында боулингтен жарыс өтті

24.09.2018

Ауданның құрылғанына 10 жыл толуына орай әлеуметтік қызметкерлер арасында боулингтен жарыс өтті



24.09.2018
Аудан көшелеріне жолды тегістеу жұмыстары жүргізілді


24.09.2018

№178 лицейде Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойына арналған мектеп оқушылары арасындағы роботехника байқауы өтті


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!

     Елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын тойлау жер-жерде басталып кетті. Алатау ауданының тұрғындары бұл мерекені тойлаудан қалыс қалған емес. Әйтсе де, биылғы 20 жылдық мерейтой ерекше қарқынмен аталып өтті. Алатау ауданы әкім аппаратының алаңында үлкен концерт өтті. Концертке аудан тұрғындары мен қонақтары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау саласының мамандары барлығы 1500 адам арнайы концертті тамашалады.         Мерекелік іс-шара тарихымыздан сыр шертетін сахналық қойылыммен басталды. Қазақ эстрада жұлдыздары Еркін Мәулен, Гүлнар Сикымбаева, Райым Уайыс және Ермек Мұқаш, Қайрат пен Жұлдыз өнер көрсетіп Астанаға ән арнады. Аудан мектептері ұйымдастырған қолөнер көрмесінде Астананың 20 жылдығына арналып жасалған қөлөнер бұйымдары қойылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында «Елордасы Астанаға 20 жыл» тақырыбында суретшілер байқауы өтіп, балаларға сыйлықтар үйлестірілді.


Дәл сол күні аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы ауданның екі азаматы №14 орта мектептің директоры Мамбетеев Думан Алимбайұлын және Айгерім - 2 ықшамауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Солтанбеков Әлібек Тойбекұлын «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.


06.07.2018