
14.01.2019
Аудан әкімі Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев 2018 жылдың қортындысы бойынша халық алдында есеп берді
Жыл
сайынғы үрдіске сәйкес аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру жиыны
басталды. Алатау ауданының әкімі Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев 2018 жылдың қортындысы бойынша халық алдында
есеп берді. Аудан әкімінің арнайы дайындалған желілік кестесі бойынша есеп беру
Әйгерім ықшамауданынан басталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де басталған
жиынға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары Сәрсенбай Қали Қошқарұлы және
Ниязова Нурия Исмагиловна қатысты.
Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Ш.Рыспаев 2018 жылдың қортындысын айта келіп, есеп беру «Әйгерім-1,2», «13,14 аумақ» ықшамаудандарының тұрғындарының қатысуымен болғандықтан, аталған ықшамаудандарда атқарылған жұмыстарға нақты тоқталып өтті.
Әкімнің есеп беруінен кейін Алатау ауданы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Кеншибаев Құмарбек Жәнібекұлы қылмыстық істер бойынша есеп берді.
Сөз соңында 2018 жылға арналған жоспармен таныстырды. Есеп берудің желілік кестесі бойынша келесі есеп беру Шаңырақ 1,2 ықшамауданында №26 ЖББ мектепте 1500-де басталады.