2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бүгін аудан әкімі Азамат Қалдыбеков ауданның көп балалы аналарынан келіп түсетін мәселелер бойынша азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастырды.

26.06.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Қалдыбеков ауданның көп балалы аналарынан келіп түсетін мәселелер бойынша азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастырды.


25.06.2020
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бүгін «Нұркент» ықшамауданының тұрғындарымен барлық крантинді шараларды сақтай отырып, көшпелі кеңес өткізілді.


24.06.2020
Бүгін Жасыл экономика қалалық басқарамасының өкілдері «ЛМ Транспроэкт» ЖШС жобалау -сметалық құжаттамасын әзірлеушілер мен Қарасу шағын ауданы тұрғындарының қатысуымен көшпелі кеңес өткізілді.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.11.2019

Су құбыры желіндегі «апат» сәтті жойылды!

Алматыда қаласының Алатау ауданында «Қыс-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында сумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша практикалық іс-шара өткізілді.


Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты: қыс маусымында төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі мен қалалық кіші жүйесінің дайындық деңгейін арттыру болып табылады.

Жаттығудың мазмұны бойынша ауа-райы температурасының төмендеуінен 6-шы Градокомплекс ықшам аудандағы Олжабай батыр көшесі №15 үйдің жанында суық су магистральды суық су құбыры жарылды.

Орын алған төтенше жағдай салдарынан 35 жеке ауданның тұтынушылары сусыз қалды.

Қоғамдық тәртіп қызметкерлері ТЖ аймағын қоршауға алып, азаматық қорғау қызметінің күштер мен құралдарын апат орын алған аймаққа өткізу жұмыстарымен қамтамасыз етті.

Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару жұмыстарының элементтері пысықталып, су құбыры желісіндегі шартты апатты жою бойынша және зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді.

Оқу-жаттығуға жеке құрамнан барлығы Алматы қаласы ТЖД Алатау аудандық ТЖБ, Алматы қаласы ТЖД № 2 МӨСБ «ӨС және АҚЖҚ» ММ, Алатау ауданы әкімінің Аппараты, медициналық қызметінің (ШЖҚ МКК «№ 25 Қалалық емхана»), МКК ШЖҚ «Алматы Су», Алатау РЭУ, ЖШС «Аван Құрылыс» мердігер мекеме қызметкерлері – 24 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Жаттығу аяқталған соң талдау жүргізіліп, практикалық шараның қортындысы жасалды. Талдау қортындысы бойынша барлық тапсырмалар мен мақсаттар орыналды.

07.11.2019