АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен пленум өтті.

12.12.2019
Алатау ауданында Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен пленум өтті.


11.12.2019
Аудан басшысы аналарды құттықтады.


10.12.2019
Алатау ауданында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.07.2019

Бақытжан Сағынтаев: Алматы «шеті жоқ қала» принципі бойынша дамитын болады

Алматы әкімі аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларымен таныса келіп, қалалардың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «шеті жоқ қала» принципі бойынша дамитынын атап өтті.

Алатау ауданына жұмыс сапарымен барған Б.Сағынтаев көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй салудың қарқынымен, энергетикалық кешендерді модернизациялаумен, танысты, өртке қарсы қызметті дамыту, балалардың ойын алаңдарының, әсіресе батуттардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Мегаполис үшін автобус желілерін дамыту мәселесі актуалды болуда. Оны дұрыс шешу үшін 200 автобусқа арналған №3 автопарк және жеке тасымалдаушының 130 автобустық базасы салынуда. Кәсіпорын басшыларымен бағыттарды субсидиялау, жылжымалы составты жаңарту және жүргізушілер мен басқа мамандық иелерін дайындау мәселелері талқыланды.

«Автобустар жаңаруда, қалалықтардың сапалы қызметке деген сұранысы артуда, демек тасымалдаушылар персоналының біліктілігі жоғары болуы тиіс. Колледждермен бірге жұмыс істеп, жүргізушілердің, механиктердің, электриктердің, және басқа да мамандық иелерінің жетіспеушілігін шешуге болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған топты тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелері шешімін табуда. Б.Сағынтаев Алатау ауданы Алғабас мөлтек елді мекеніндегі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, мұнда 8,3 га учаскеге 23 үй салынуда.

Қала әкімі мөлтек аудандарды орталықтандыру принципі бойынша дамыту әрі қажет барлық әлеуметтік инфрақұрылымдардың жақын орналасуы тиіс екендігін атап көрсетті.

«Мұнда сквер, емхана, тіпті дүкен қарастырылмаған. Сондықтан Жайлы қалалық орта басқармасына кейінгі жобалардың бірінші қабаттарына әлеуметтік нысандардың орналасуын қарастыруды тапсырамын», - деді Бақытжан Сағынтаев.

ЖЭО-2 болған кезінде қала басшысына ауаның залалдануын азайтуға қатысты жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндалды. Б.Сағынтаев тиісті қызметтерге барлық варианттарды саралап, қысқа мерзім ішінде нақтылы ұсыныстар беруді тапсырды.

Анықтама үшін:

Қазіргі кезде Алатау ауданынының 13 мөлтек елді мекенде ұзындығы 118 км болатын 442 көшеге жол салынуда. Ұзындығы 23,6 км болатын 24 көшені жөндеу жоспарлануда.

02.07.2019