АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Алатау ауданында Мемлекеттік Елтаңбаның өзгеруі бойынша түсіндірмелік семинар өткізілді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Беречь и уважать Государственные символы своей страны 15.10.2014

Алатау ауданында Мемлекеттік Елтаңбаның өзгеруі бойынша түсіндірмелік семинар өткізілді

     Алатау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаның өзгеруі бойынша түсіндірмелік семинар өткізілді.

     Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей: «Мемлекеттік рәміздер - біздің елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі».

     Бүгінде өмірдің сол бір өткелеңін ел болып еңсерген кездің куәсіміз. Ал Тәуелсіздігімізді, елдігімізді айқындайтын нақыш – Мемлекеттік рәміздер екені баршамызға аян. Себебі, Мемлекеттік рәміздер жоқ жерде, мемлекеттің болуы да мүмкін емес. Әлем көгінде қанатына күн арқалаған қыраны бар көк Туымызбен халқымыздың тарихи-танымынан бастау алатын Елтаңбамыз бен Әнұранымыз - бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символына айналғаны сөзсіз.

     Бұл маңызды іс-шараға Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Торламбай, Алатау ауданы әкімінің орынбасары М.Балбаева, Алатау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Биржанов Мурат және әлеуметтік сала басшылары қатысып, аудандық мекемелердегі мемлекеттік рәміздерді қолдануына жауапты қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

     Семинарда аудан аумақтарында орналасқан мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк рәмiздердi қолдану тәртiбiне қатысты бiрқатар сауалдар жауабын тапты. Басқосуда жауапты мамандар бекiтiлген Мемлекеттiк Елтаңбаның реңi мен оның көлемiне қатысты бiршама түсiнiк бердi.

     Сонымен қатар, Мемлекеттік Елтаңбаға енгізіліп жатқан соңғы өзгерістер туралы атап өтті.

15.10.2014