АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді

05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді



04.12.2017

Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі



30.11.2017

Ауданымыздағы шығыс жекпе-жегі спортының2016-2017 жылдардағы жетістігі


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2017

Құтыру ауруы

  

   Алатау ауданында 2017 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша жануарлардың тістеуімен 379 жағдай тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 221 жағдай (2016ж. 1 жарты жылдығында – 501ж., 14 жасқа дейінгі балалар – 254ж. ).Тұрғындар арасында ит қабу жағдайы төмендегенімен ең маңызды сұрақтардың бірі болып қалады.

Құтыру –орталық ми-жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Rabies virus тұқымдастығына жататынинфекциялық вирус қоздырғышымен қоздырылады. Клиникалық көріністері пайда болғаннан кейін дерт көбіне қайғылы жағдаймен аяқталады.

     Бұл ауру адамға құтырған жануардың тістеуінен және оның сілекейінің дененің зақымдалған жеріне түсіп кету салдарынан жұқтырып алу мүмкін. Инфекцияның 99 пайызы адамдарға құтырған жануарлар арқылы беріледі.

   Құтыруды алдын алу мақсатында жануар тістегенінен кейін немесе тырнағанынан және сілекейінен залал тартқан адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша травмотологиялық пунктте медициналық көмек сұрауы керек және сол жерде құтыруға қарсы антирабикалық екпе курстары (шартсыз және шартты курстары және көрсеткіштері бойынша антирабикалық иммуноглобулин) тағайындалады. Тістеген жарақатты ағынды сумен және сабынмен жуу керек.

   Адамдағы құтыру ауруының басталуының ең алғашқы белгілерінің бірі: жануар тістеген жер ауырады, дене қызуы көтеріліп, қызарып онда ісіну байқалады. Асқынған жағдайда науқас өзін нашар сезініп, басы ауырып, ұйқысы нашарлайды, судан қорқады, жүрек тұсында қысылу белгілері пайда болады.

Үй жануарларының иелері нені білуі тиіс?

Құтыру ауруын алдын алу - егу шаралары. Үйдегі иттер мен мысықтарды жыл сайын құтыруға қарсы ектіру және иттерді үй ауласында байлап ұстаған жөн. Себебі, олар ауру тасымалдаушы аңдармен қарым-қатынаста болып, ауру жұқтыруы мүмкін.Күнделікті байқайтын жағдайымыз, үй жануарлары өз үй ауласынан тыс кедергісіз жүре береді.

Әрбір үй жануарларының иесі Қазақстан Республикасының Кодексінің 408 бабына сәйкесөз жануарлары үшін жауапкершілік артады.

Құрметті тұрғындар! Қаңғыбас жануарларды көрген кезде Алматы қаласы ауыл шаруашылығы Басқармасы, КММ ШЖҚ «Алматы қаласы ветеринарлық орталығына»(тел:272-08-75) хабарласуларыңызға болады.Бұл жануарлардың тістеуінен қорғанудың басты мақсаты болып табылады.

20.09.2017