АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.06.2017

Раміздер күні

4-маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл мерекенің орны ерекше. «Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздерін қабылдау қазақтар үшін және республикада тұратын барлық ұлт өкілдері үшін таптық, тоталитарлық қоғамның ескі іріп-шіріген белгілерін жай жаңарту ғана емес, бұл – республиканың демократиялық және мемлекет құруға, жеке адам еркіндігіне этностық тұрғыдан әртекті халқымыздың бірлігін сақтау қағидаларына негізделген жаңа қоғам орнатуға берік бетбұрыс жасағандығымыздың белгісі» деген болатын осы рәміздердің тұсаукесер салтанатында сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев.

Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын асыл дүниесіндей қасиет тұтуы тиіс. Әрбір отандасымыздың жүрегіне туған елімізге деген сүйіспеншілікті, сүйікті Отанына деген мақтаныш сезімін орнықтыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор.

Аталмыш мереке Алғабас ықшамауданындағы  №182 мектепте өтті. Аудан әкімі Бағдат Мәнізоров жиналған жұртты мекрекемен құттықтап елдің біотұтастығының мәңгілік сақталуын тіледі.Мерелік шарада Қазақстан Республикасының туы кіргізіліп Ән ұран орындалды. Айнаш би тобы қазақ биін, Ерасыл Жайлаубай «Жаным қазақ» әнін, Юка тобы «Қазақстан» әнін шырқады. 


04.06.2017