АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

День культуры Жамбылской области прошел в Алматы 06.10.2014

Алматыда Жамбыл облысының мәдениет күні болды

     Алматы қаласында Жамбыл облысының мәдениет күні өткізілді. Шараның мақсаты - екі өңірдің мәдени-әдеби және рухани байланысын жаңа деңгейге көтеру. Жиын көне Тараз өңірінің мәдени мәйегін насихаттау мақсатында Тараз өңірінің көрмесімен басталды. Жамбыл облысының ұйымдастырылған мәдениет күні «Алатау» мәдениет үйінде өткізілді.

     Тараз өлкесінің «Тараз-ғасырлар куәсі» атты этонграфиялық көрмесі көпшілікті тамсандырды. Көненің көзіндей балбал тастар, көшпенді халқының Тараз өңіріндегі тұрмыс-тіршілігін сыр шертетін инстоляциялар, шеберлердің шеберханасы, күні кешеге дейінгі ұлт батыры атанған Б.Момышұлының тұрмыстық отрибуттары мұның барлығы көрерменге Тараз келбетін толық көруге мүмкіндік берді. Жұртшылық ескі шаһардың 2 мыңжылдық тарихына куә болып, ерте замандағы қолөнер бұйымдарының қазіргі даму деңгейіне қанықты. Алматының өнер сүйер қауымы құрышын қандыра тараздықтардың концертін тамашалады.

     Салтанатты кешіміз Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және Жамбыл облысының әкімі Кәрім Кекірекбаевтың алғыр тілектерімен бастауын тапты. Шара барысында Жамбыл облыстық қазақ ұлттық өнерді насихаттау барысында, ұлттық дәстүрлі әндер айтылды. Сонымен қатар қазақтың еңбек сіңірген әншілері Сәуле Жанпейісова, «Алатау» фольклор ансамблі, «Аккербез» би тобы, «Тараз» тобы және тағы да басқа көрермен ұйытқысына айналған жез таңдай әншілерімізде өз өнерлерін көрсетті. Өлкенің мәдени құндылығын арқалап, оны насихаттау жоғары кәсібилікпен жауапкершілікті талап етеді дейді әнші Сәуле Жанпейісова. «Елбасының тапсырмасын орындауда өз өнеріңмен қоса өнерпаздарды алып жүру, бұл ең алдымен-отанға деген сүйіспеншілікпен, патриоттықты талап етеді»,-деді сөз барысында.

     Екі аймақтың экономика мен әлеуметтік салада басталған бұл әріптестігі енді мәдени бағытта да жалғасын тапты. Тарихы тоғысқан аймақтардың мәдени күндері, ел тұтастығын арттырудағы негізгі көрінісі.

06.10.2014