АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқылануда

18.10.2018

Президент жолдауы талқылануда



17.10.2018

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді



12.10.2018

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

В Алатауском районе отметили День учителя 02.10.2014

Алатау ауданында ұстаздар күні аталып өтті

     Ұстаз - өмірдің шамшырағы! Осы бір керемет атауды арқалаған жандарға ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншіктер де, парасатты қоғам қайраткерлері де қарыздар. «Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен елдің болашағын нұрландыратын, тәуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуші мұғалімдердің кәсіби мерекесі бүгін Алатау ауданының №178 қазақ физика-математикалық лицейінде аталып өтті.

     Ұстаздар күніне арналған шараға Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров, сонымен қатар, Алатау ауданының әкімінің орынбасары Маржан Балбаева, Алатау ауданының білім бөлімінің басшысы Көңілімқош Аманқұлов, аудандағы барлық орта білім беру ордаларының басшылары мен мұғалімдері қатысты.

     Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан аудан басшысы, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ауданның білім беру саласына бөлінген қаржының жылдан-жылға өсіп келе жатқан айта келіп, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Құттықтау сөзден соң, аудан әкімі Бағдат Мәнізоров аудандағы барлық орта білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, ҰБТ сынақтарынан жоғарғы көрсеткіш көрсететін шәкірт тәрбиелеп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

     Ұлағатты ұстаздарға арнайы Алатау ауданының әкімшілігі әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты. Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шарамызды жеті қырлы бір сырлы әртіс жүргізушілеріміз Жанатбек Бәйтеков пен Сержан Молдасанұлы көрермендер назарын өздерінің құлақ үйірер әзілдерімен аудара отырып, кешіміздін сәнін келтіріп жүргізді. Ұстаздарға арнайы өз әндерін сыйға тарта келген кеш қонақтарының қатарында еліміздің еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Айгүл Иманбаева, Алтынбек Қоразбаев ағамыздың шәкірті, өнерде жүргенәнші Нұрболат Абдуллин, өнерлі отбасы «Дәрібаевтар» ансамблі, Құрманбек Әлімғазы, «Қоңыр» тобы» және «Ағайындылар» болды.

      «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай айтқандай, үлгі тұтар ұстаздарымызды қадірлей білейік.

02.10.2014