АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында «Адал жол-Честный путь» марафоны  жалғасуда

12.04.2018

Алатау ауданында «Адал жол-Честный путь» марафоны жалғасуда



07.04.2018

«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны



22.03.2018

Алатаулықтар Наурыз мерекесін тойлады


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.11.2017

Ауданымыздағы шығыс жекпе-жегі спортының 2016-2017 жылдардағы жетістігі

     Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ 2 ықшамауданы шығыс жекпе-жегі спортынан жаттығулар аптасына үш рет мектеп оқушылары арасында өткізіледі, жаттықтырушысы-Данияр Мұратбайұлы. 2016 жылдың желтоқсан айында жаттықтырушы Данияр Мұратбайұлының ұйымдастыруымен Айгерім ықшамауданының спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, Тұңғыш президент күні мерекесіне орай Шығыс жекпе-жегінен турнир өтті. Бұл турнирге Алатау ауданы әкімінің аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Арман Нұсқабаев тікелей мұрындық болып, жарыстың ашылу салтанатында тілегін білдіріп, жеңіс тіледі. Жарыс нәтижесінде оқушылар жүлделі орындарға ие болып аудан әкімінің дипломымен марапатталды. Ал 2017 жылдың маусым айында Даниярдың шәкірттері Алматы облысы Есік қаласында өткен «Кумитэ» түрінен жарыста жүлделі орынға ие болып, кубок, медальмен марапатталып қайтты. Ал, жуырда ғана Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Кикбоксинг және аралас жекпе-жектен өткен Алматы қалалық чемпионатында Данияр Мұратбайұлының шәкірттері жүлделі орынға ие болып диплом және алтын медальмен марапатталды. Жоғарыда айтылған жетістіктерге қарап, ауданымыздағы жеткіншектердің спортқа деген талыпыстарын байқауға болады. Болашағынан мол үміт күттіретін болашақ чемпиондарымызды даярлауда жақттықтырушылардың еңбегі зор!


30.11.2017