АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.10.2017

Тұмау, ЖРВЖ – не істеу керек?


   2017 жылдың 02 қазан айынан бастап тұмауға сезімтал тұрғындар арасында, қалалық емханаларда тұмауға қарсы егілу жұмыстары басталды. Атап айтқанда: жүкті әйелдер 2-3 триместрінде, эпид. көрсеткіш бойынша, жиі ауыратын балалар, зейнеткерлер, соғыс ардагерлері, жабық оқу орындарының оқушылары мен жұмысшылары, медициналық қызметкерлері жергілікті емханалардан тегін екпемен егіле алады.   

Бүгінгі күнге Алатау ауданының тұрғындары арасында 1498 адам екпемен қамтылды. Ең алғашқы болып екпемен қамтылғандар қатарында Алатау аудандық тұтынушыларды қорғау басқармасының мамандары болып табылды.

Тұмаудың алдын-алудың ең тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Өз тарапынан тұмауға қарсы екпе алғысы келген адамдар, екпені салуға рұқсаттары бар жеке меншік медициналық орталығынан ақылы түрде алуларына болады. Екпе 01 қазаннан 15 қарашаға дейінгі аралықта жүргізіледі.

Тұмауға қарсы екпе алмаған адамдар келесі алдын алу жолдарын білуі тиіс:

ауырған адаммен қарым-қатынаста болмауға тырысу керек, егер қатынаста болмау мүмкін емес болған жағдайда бет перде киюге тиіс;

- аурудың бірінші белгілері пайда болған бетте, медициналық көмекке жүгіну;

- жөтеліп және түшкірген кезде ауызын бет орамалмен, қолымен жабу қажет;

- қолды тазалап жиі-жиі жуыныздар;

- иммунды жүйені көтеріңіздер, С витаминді жиі қолданыныздар;

- өз беттеріңізбен емделмеңіздер;

- халық көп жиналатын жерлерге, әсіресе тұмаумен және ЖРВЖ ауруы көтерілген кезде бармауға тырысыңыздар;

- балаларыңыз ауырған кезде бала-бақшаға және мектепке жібермеңіздер, үйге учаскелік дәрігерді шақырыңыздар;

- емханаларға жүгінген кезде ең бірінші фильтр бөліміне немесе ЖРВЖ мен тұмаумен бөлінген бөлмеге қаралыңыздар.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Дендеріңіз сау болсын!


02.10.2017