АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аудандық ардагерлер ұйымы президиум мәжіліс өткізді.

20.08.2019
Аудандық ардагерлер ұйымы президиум мәжіліс өткізді.


19.08.2019
Ата-аналар, балаларды терезеден құлап кетуден сақтаңыздар!


14.08.2019
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2019

"Тұлпар мініп, ту алған" байқауы


Байқау үшін "Қобыланды батыр" жырының Марабай жырау нұсқасы таңдалған. Байқауға республикамыздың 5 мың мектептен 23 мың ұстаз 51 328 оқушыға жыр жаттату арқылы әлемдік деңгейдегі рекордтарды жаңартып, Гиннес кітабына ену көзделіп отыр.

    Басты мақсат – оқушыларды рухани адамгершілік қырынан дамыту және қазақ халқының Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды және тағы басқа эпостары арқылы бай этно-мәдени және филосфиялық мұрасын жас ұрпақтың бойына ендіру арқылы тәрбиелеу.

    Жалпы жырды жаттау арқылы оқушы поэтикалық мәтінді меңгеріп, тарихты терең түсіне бастайды.

    Өзінің жазғы демалысын көркем әдебиет оқып,   өлеңдер жаттайтын   біздің Алатау ауданында орналасқан № 152 мектеп-гимназия оқушылары биылғы жыл да босқа жатпады. «Қобыланды батыр» жырын жаттап, жырдағы кейіпкерлерді, оқиғаларды өзге де өздері жаттаған жырлармен салыстырып топшылауда. Бүгінде   жыр жаттауға машықтанған жас өрендер Абай атамыздың 175 жылдығына орай, Абай өлеңдері мен қара сөздерін де   жаттау   үстінде. Алдына мақсат қоя білетін талапшыл жас өрендерімізге сәттілік серігі болсын дей келе алдағы "Тұлпар мініп, ту алған" байқауында үздік нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз.


26.07.2019