2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Судағы қауіпсіздік бәрінен жоғары

22.05.2020
Судағы қауіпсіздік бәрінен жоғары


18.05.2020
Өмір үшін…


15.05.2020
Алматылықтар, алау жағуға болмайды!

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.01.2019

Л. Гончаров атындағы Қазақ көлік академиясында салауатты өмір салтын насихаттау

  Алатау аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен 2018 жылғы 14 желтоқсанда Л. Гончаров атындағы Қазақ көлік академиясының проректоры, деканы және мұғалімдері арасында студенттердің денсаулығын жақсарту және нығайту мақсатында қант, тұз, транс-майларды азайту, тағамдық және токсикологиялық улануды, инфекциялық емес және жұқпалы аурулардан, оның ішінді туберкулезден алдын алу, физикалық белсенділікті арттырумен қатар салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

  Семинар-кеңес барысында студенттердің салауатты тамақтануы, фаст-фуд тағамдарын қолданудағы зияндылығы туралы, сондай-ақ, студенттердің сапасыз тағам өнімдерін тұтыну әсерінен туындайтын ішек инфекциялары мен тамақтан уланудан алдын алумен қатар, сапасыз тағамдарды тұтынуда сақ болу керектігі ескертіліп туберкулез, инфекциялық және инфекциялық емес арулардың алын-алу мақсатында атқарылатын іс-шаралардың қатаң бақылануы айтылып өтті. Студенттерге салауатты өмір салтын өз-араларында насихатталуы ескертілді.

  Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар ректормен екіжақты бірлескен меморанумға қол қойылды.

10.01.2019