АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Общегородской субботник с участием акима Алатауского района прошел в Алатауском районе 13.10.2014

Қалалық сенбілік Алатау ауданында қарқынды өтті

     11 қазан күні Алматыда қалалық сенбілік өтіп, оған Алатау ауданынан 13 000–нан аса адам қатысты. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін әктеген Алатаулықтар ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты.

     Қолдарына сыпырғы, күрек алған аудан тұрғындары көше бойларын қоқыстан тазартып, игі шара аясында ауданға қалалық экологиялық сенбілік аясында «Жасыл Ел» ұйымының қолдауымен 715 түп ағаш егілді.

     Іс-шараға Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров, Алатау аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік орган өкілдері, «Нұр Отан» партиясы, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, мектеп оқушылары, студенттер мен аудан тұрғындары қатысты.

     Алатау ауданының Рысқұлова Кудерина көшелердің қиылысында, Алатау ауданының Ішкі Істер Басқармасы мекемесіне қарасты жерлерінде және тағы да басқа көше бойларына шырша ағаштары отырғызылды.

     Сонымен қатар, жиналған қоқысты тиеу бойынша жүк тиегіш техника мен бригада ұсынылды. Қала басшысының тапсырма-жоспарына сәйкес, Энергетика, көлік және құрылыс басқармасынан ластанған жерлерді тазалау және оны уақытылы көму үшін жүк тиеуіш және үлкен жүк тасымалдайтын барлығы 85 машина бөлінді. Бұдан басқа, коммуналдық, құрылыс және аудандағы басқа да кәсіпорындардың механизацияланған техникасы толық тартылды.

     Сенбілік пен экологиялық айлықты өткізуді ауданды көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту, абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізуді бақылайтын және тікелей жауапты аудан басшысы бекіткен аудандық басқармалардың басшылары қамтамасыз етті.

13.10.2014