АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.04.2019

"Участок" жедел-алдын алу іс-шарасы

Халық арасында ішкі істер органдарының беделі мен абыройын арттыруға қол жеткізу, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында 2019 жылдың сәуірдің 1-30 аралығында Алматы қаласы бойынша "Участок" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.


"Участок" жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты - әрбір әкімшілік аумақты барынша зерттеп, пәтерлер және аулаларды тұтас аралап ,  деректерді талдау және жүйелеу, сол аумақта тұратын тұлғаларды есепке алып, электрондық журналға енгізу. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап Алатау ауданы ІІБ учаскелік полиция инспекторлары Алатау ауданы бойынша МКБ мамандарымен және Алматы қаласы ТЖД Алатау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп  жергілікті тұрғындар туралы, үйлерін жалға беретін пәтер иелері, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталмаған бұзушылықтар туралы мәліметтерді алу үшін пәтерлік және аулалық учаскелер бойынша аулаларды аралап шығады және ІІБ учаскелік және кезекші бөлімдердің байланыс телефондары бар визит карточкаларын таратады.

"Участок" жедел-алдын алу іс-шарасы басталғалы бері Алатау ауданының ЖПҚБ учаскелік инспекторлары 1415 аралау-тіркеу жұмысын жүргізді, оның ішінде 561 пәтер және 854-тен астам жеке үй. Тұрғылықты жері бойынша ІІБ-да есепте тұрған 246-дан астам адам тексерілді, сондай-ақ 158-ден астам жеке азаматтық қару иесі тексерілді.


Іс-шара барысында жалға берілетін 5016 пәтер анықталды, олар бойынша ақпарат Алатау ауданы бойынша МКБ жолданды.


Жалпы, жедел-алдын алу іс-шараларын бастағалы бері 266 астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде: ҚР ӘҚБтК 505-бабы "Абаттандыру ережелерін бұзу" бойынша 27 бұзушылықтар анықталды, ҚР ӘҚБтК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша 16, ҚР ӘҚБтК 440-бабы "Мас күйінде қоғамдық орынға келу" бойынша 25-тен астам бұзушылықтар анықталды. 04.04.19 ж Алатау ауданы бойынша МКБ учаскелік полиция инспекторлары, Алатау ауданы бойынша МКБ бас мамандары 15 жеке тұрғын үйді (жатақхананы) тексерді, көбінің рұқсат қағаздары жоқ.


04.04.2019