АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

В Алатауском районе открылся новый детский сад 02.10.2014

Алатау ауданының «Саялы» елді-мекенінде №78 балабақшасының ашылуы болды

     Алатау ауданының «Саялы» елді-мекенінде №78 балабақшасының ашылуы болды. Шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова, Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров, Алатау аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева, Алматы қаласының құрылыс басқармасы және тағы да басқа жауапты тұлғалар қатысты.

     Ата-аналар үшін бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Өйткені олардың әрқайсысы балабақшаның ашылуын асыға күтті. Нысанның есігін ашқаннан кейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Алатау аудан әкімі Бағдат Мәнізоров балабақшаның материалдық-техникалық базасымен танысты. Кең әрі жарық бөлмелерде 320 орынға шақталған балабақшада жөндеу жұмыстары былтырғы жылы қыркүйек айында қолға алынған болатын.

     Қала әкімі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қалада балаларды мектеп жасына дейінгі біліммен қамтамасыз етуге айрықша назар аударылып келе жатқандығын айтты.

     Ал балабақша, ол бүгінгі заманға лайық құрал - жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Балабақшаның ашылуы екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандардың жұмыспен қамтылуына да септесті.

02.10.2014