АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқылануда

18.10.2018

Президент жолдауы талқылануда



17.10.2018

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді



12.10.2018

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.02.2018

Кедергісіз келешек партиялық жобасы қайырымдылықтың белгісі

      «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының негізгі мақсаты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмірінің сапасын арттыру болып табылады. Оларға тұрақты қамқорлық қажет. Осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның зор парызы. Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Елбасымыз мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, барша кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға, көмектесуге, көңіл бөліп тұруға шақырған еді. Ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек. Осы тұрғыда «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Өр рухтылар» атты тақырыппен «Алматы қаласының психоневрологиялық aуытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығында» аталмыш мекеменің қызмет алушылар арасында түрлі спорттық ойындардан жарыс өткізілді. Жарыс барысында әр қатысушы өз ерік-жігерлерін көрсетіп, сайысты одан әрі қыздыра түсті. Әр баланың бойынан жеңіске деген ынта мен ұмтылыс байқалады. Сайыс соңында жеңімпаздар «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұханқали Тұрашұлының атынан мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, аудандық филиалдың Саяси кеңес мүшелері, ауданымыздың белсенді кәсіпкерлері Кулсейтов Нуржан Габбасович пен Жуманов Қайрат Камидулович және Алматы қалалық мәслихат депутаты Ниязова Нурия Исмагиловна аталмыш іс-шараға демеушілік танытты. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар тапсырып, мекеме спорт залына қажетті деген спорттық жабдықтар сыйлыққа берілді. Жарыс соңында осы іс-шараға қолдау көрсеткен демеушілер мен ұйымдастырушылар алдағы уақытта да өз көмектерін аямайтынын айтып, әрқашан қолдау көрсететінін жеткізді. Өз кезегінде мекеме басшысы Алимбекова Нурзия Ағабекқызы аталмыш шараға мұрындық болған азаматтарға үлкен алғысын білдірді.


13.02.2018