АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Республикалыќ жедел алдын-алу іс-шарасы

19.11.2019
Республикалыќ жедел алдын-алу іс-шарасы


19.11.2019
«Салауатты сөре – дұрыс тамақтану»


15.11.2019
«Дене белсенділігі» тақырыбындағы өткізілген акция

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары алматылық құтқарушылармен кездесті
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.11.2019

«Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары алматылық құтқарушылармен кездесті

2019 жылғы 07 қарашада Алматы қаласы ТЖД Алатау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Абай Болатұлы Асылбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Муханкали Турашович Алмасаевтың қатысуымен Алматы қаласы өрт сөндіру қызметінің ӨРт сөндіру бөлімдері (2-МӨСБ, 3-МӨСБ, 14-ӨСБ) және аудандық ТЖБ жеке құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес болып өтті.


Муханкали Алмасаев Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында» көрсетілген қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерлердің басшылығы қызметтік өкілеттігін пайдакүнемдік мақсатта пайдалану тиімді емес және мүмкін емес болатын жағдайлар жасауы тиіс.

Алматы қаласының ТЖД-і Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Базаралы Кәріпжанұлы Бегалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, барлық фактілер мен өткізілетін іс-шаралар бойынша нөлдік шыдамдылық бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асыру туралы ақпаратты Өрт сөндіру қызметінің, сондай-ақ, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті аудандық ТЖБ-нің қызметкерлеріне түсіндірілді. Сондай-ақ, ол ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 2019 жылдың 9 айындағы азаматтық қорғау органдарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы және Алматы гарнизонының жеке құрамымен 2019 жылдың 10 айында болған төтенше жағдай туралы шолуды ұсынды.

Өз кезегінде, Абай Асылбаев 2018 жылдың қараша айынан бастап аудандық ТЖБ өрт бақылау инспекторларының қызметіне Әкімдіктің қаржылай қолдауымен дербес бейнетіркегіштер енгізілгенін хабарлады. Енді кәсіпкерлермен, объект иелерімен және азаматтармен байланыс процесінің кез келген тексеру түрі бейнеге жазылады. ТЖБ-ің бұл бастамасы Алматыны цифрландырудың негізгі принциптерінің бірі – жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмауға бағытталғаны туралы хабарлады.

Жалпы алғанда, кеңеске қатысушылардың пікірінше, мұндай іс – шаралар -қылмыстық құқық бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайлардың алдын алу және ескерту бойынша жақсы шара болып табылады.

08.11.2019