2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.10.2018

Жеке тұрғын үйлерді шолу –өрттің алдын алудың тиімді тәсілі

      Күз - қыс мезгілі келісімен жеке тұрғын үйлерде өрттер мен улы газдардың әсерінен улану жағдайлары да өрши түседі. Жеке тұрғын үйлерде өрттер мен өрттерден болатын қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алатау ауданы төтенше жағдайлар бөлімі жылыту маусымы басталысымен күнделікті негізде жеке тұрғын үйлерде өрттің алдын алу шаралары бойынша жұмыс атқарады. Жылыту маусымы басталысымен бөлімнің қызметкерлерімен өрттің алдын алу шаралары бойынша 7105 жеке тұрғын үйлерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 7 шағын аудандардың тұрғындарымен жиналыс өткізіліп, өртке қарсы түсіндірме жұмыстары және де өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жаднамалары таратылды.

   Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып келесі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынамыз:

1. Жылыту пештерінің мұржасын және де басқа да бөліктерін жылыту маусымының алдында және де жылыту маусымы басталған кезде 2 айда бір рет тазалап тұру;

2.Сынықтары бар және жарамсыз пештерді пайдалануға тиым салынады;

3.Жылыту пештерін пайдалану кезінде рұқсат етілмейтін жағдайлар :

- Жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға;

- Пештің алдына жағуға дайындаған отында, және де басқа да жанғыш заттарды қоюға;

- Қатты отынға арналған пешті жағуға тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға;

- Пешті пайдалану ережесінде көрсетілмеген отындарды(қатты,сұйық, газ тәрізді) пайдалануға;

- жанғыш заттарды және материалдарды пеш пен мұржадан 0,5 м. Алыс қашықтықта кептіруге.

4. пештен шыққан күл мен қалдықтарды дереу арнайы өрттің пайда болуына мүмкін болмайтын жерге апарып тастау қажет.

5. Электр сымдары мен кабельдерді тұйықталудың әсерінен өртті болдырмау мақсатында дәнекерлеу, престеу, пайкілеу және де арнайы қысқыштармен қысу қажет.

Сіздің және сізге жақын адамдардың қауіпсіздігі сіздердің қолдарыңызда, өртті сөндіруден гөрі алдын алған өте тиімді екенін естеріңізге саламыз.

25.10.2018