АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Бент» көлі аумағында сенбілік өтті

19.05.2018

«Бент» көлі аумағында сенбілік өтті



09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!



05.05.2018

Батыр аналар «Күміс алқамен» марапатталды


  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған актив жиыны өтті
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.01.2018

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған актив жиыны өтті

    2018 жылдың 25 қаңтарында Алатау ауданы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған актив жиыны өтті. Жиынды Алатау ауданының әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы жүргізді. Алғы сөзді бастаған аудан әкімі «Бұл Жолдаудың ерекшелігі  бізге жаңа әлем, яғни Төртінші өндірістік революция әлеміне бейімделуіміз үшін қандай шараларды жүзеге асыруымыз қажеттігін айқындап берді» - деп жолдаудың ерекшелігін атап өтті.


      Жиналысқа мемлекеттік органдардың және аудандық қызметтердің басшылары, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.


     Әкімнің кіріспе сөзінен кейін алғашқы болып баяндамасын Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Сәрсенбай Қали Қошқарұлы оқыды. Алатау ауданындағы Индустриалдық аймақта жақында ашылған "Doc.Co.LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық директоры Дулығаев Айдос Байғожаұлы, №182 мектеп директоры Әсет Нұрғазы баяндамаларымен бөлісті.


Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы Елбасының жолдауын жүзеге асыру мақсатында орынбасарлары Оңалбаев Жансұлтан Сағынайұлына, Жақсымбетов Қайыржан Серікбайұлына, Ағыбаев Саят Болатұлына және Аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұқанғали Тұрашұлына біршама тапсырмалар берді.

25.01.2018