АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.10.2017

Алатау ауданында «Қарттар күні» мерекесіне орай жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді

      Қазақ халқында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген аталы сөз бар. Осы сөзді дәріптеген халқымыз қарттарын әрқашан құрметтеген. Қазыналы қарттарымызға деген құрметтің белгісі ретінде Алатау ауданында жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жеңіске талпынған ата-әжелерімізді көріп егде жаста деп айтпассыз. Күші мен қуаты әлі бойларында сақталған қарттарымызға жауын шашынды ауа-райы әсер етпеді.

     Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыруда және Қазақстан ардагерлер ұйымының құрылғанының 30 жылдығына арналған ардагерлер арасындағы спорттық іс-шара сағат 10.00-де Алатау ауданы Алғабас стадионындабастау алды. Спорттық жарысқа қатысушы командалар сапқа тұрғызылып, әнұран шырқалып, ту көтерілді. Одан соң ерлер арасында жүгіру 70 жасқа дейін, ерлер арасында жүгіру 70 жастан жоғарылар, әйелдер арасында жүгіру 70 жасқа дейін және 70 жастан жоғары, орнында тұрып секіру, жіппен секіру, доп лақтыру номинациялары бойынша күш сынасты. Жарыс нәтижесінде: ерлер арасында жүгіруден (70 жасқа дейін, 200 метр) - Желдібаев С., ерлер арасында жүгіру (70 жастан жоғары, 200 метр) - Баймолдаев Б. 1 орын, әйелдер арасында жүгіру (70 жасқа дейін, 100 метр),-Таңатарова Қ., (70 жастан жоғары, 100 метр) -Наушабекова Ж. 1 орын, орнында тұрып секіру (ерлер) Нусупов Т. -1 орын, орнында тұрып секіру (әйелдер) Таңатарова Қ. -1 орын, жіппен секіру- Смайлова А. 1орын, доп лақтыру (ерлер) - Рысбаев С. 1орын, доп лақтыру (әйелдер)-Темірханова Б. 1 орындарды иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша «Шаңырақ-2» ықшам ауданының қарттары 1 орынды иеленді. Жарыс соңында спорттық іс-шараға қатысушылар марапатталып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Салауатты өмір салтын жастарға дәріптеуде осындай қарттарымыздан үлгі алсақ нұр үстіне нұр болар еді!



04.10.2017