АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданының 70-тен астам оқушысы

23.04.2019
Алатау ауданының 70-тен астам оқушысы "Жас құтқарушы" жарыстарының бірінші кезеңіне қатысты.


23.04.2019
Алатау аудандық ардагерлер ұйымының кеңесі пленум өткізді


19.04.2019
Алатау ауданында Халқаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай шара өтті.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2019

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын.

Жер аяғы кеңіп, қыс өтіп-көктем келгенде қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды қазақ халқы асыға күтетіні анық. Бұл күнді «еңбектеген баладан еңкейген қартқа -дейін» тойлайтыны сөзсіз. Наурызда қазақ халқы бір-бірінің үйін аралап, жаңа жылға деген жылы лебіздерін білдіріп, наурыз көже ішіп арқа-жарқа болады. «Көрісу» дәстүрі де осы наурыз айында. Жалпы наурыз айы қазақ үшін қасиетті айлардың бірі. 


Жуырда   Аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаевтың жүргізуімен ауданның мекеме басшылары, аппарат ұжымына жиын болды. Басқосу барысында жауаптыларға, наурыз айының 22-сі күні өтетін Ұлттық мейрам Наурыз мерекесін өткізу жөнінде жоспар тапсырмалар берілді.      

                                                                        

Биыл да наурыз мерекесі Алматы арена ғимаратының алаңында өтпек. Жылдағы дәстүр бойынша бірнеше киізүйлер құрылып, жиналған жұртқа тегін наурыз көже таратылып, мерекелік концерт өтеді- деп, жоспарлануда.

18.03.2019