2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.12.2019

Алматыда өткен Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматы ұсынылды

Алатау ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Дархан Сисенов 2019 жылдың 8 қарашасында Алматы қаласында өткен «Adaldyq Alany: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы» республикалық форумына қатысты. Аталған форумда сарапшылар мен практиктер, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тәсілдері мен тетіктерін талқылады.

Форумға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінң төрағасы Алик Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының мамандары қатысты.

Форумның мақсаты азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының біріккен тәсілдері мен түрлерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының біріккен тәсілдері мен түрлерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру, жемқорлық тәуекелдері мен себеп-салдарын азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық пен адалдықтың адамгершілік қасиеттерінің мәдениетін сіңіру.

Қатысушылардың пікірінше, форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға тың серпін беретін диалог алаңына айналды.

04.12.2019