АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Көріктендіру бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар

12.02.2019

Көріктендіру бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар



11.02.2019

ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕЛГІЛЕНІП, ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ



30.01.2019

Жер мәселесіне қатысты семинар өтті


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.02.2019

ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕЛГІЛЕНІП, ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

         Пробациялық бақылаудың мақсаты заң немесе сот белгілеген міндеттердің орындалуын бақылау арқылы әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, қылмыстық әрекетті қайта жасауды болдырмау, шартты түрде сотталғандардың жалпыға танылған әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады.

         Алматы қаласы Алатау ауданы қылмыстық-атқару инспекциясына пробациялық бақылау белгіленіп, шартты түрде сотталған 59 адам есепке қойылған.Қазіргі таңда 45 сотталғанға әр-түрлі көмектер көрсетілді. Оның ішінде 6 сотталғанға құқықтық, медециналық, құжаттарын рәсімдеу сияқты тегін әлеуметтік көмектер көрсетілді.

         Сондай-ақ, Алатау аудандық қалалық емхананың психологы және әлеуметтік қызметкерлері арнайы психологиялық іс-шара ұйымдастырды. Өткізілген іс-шара тақырыбы қатысушылардың тұлғалық мінез ерекшеліктерін анықтауға бағытталды. Қолданылған әдістеме «Айзенк» сауалнамасы темпераментті анықтау және топтағы қарым-қатынасты нығайтып, өздерін ашуда тәрбиелік мағына беретін тренинг «Өмір өзен», «Мінез-құлықты анықтау» тренингтері. Қатысушылар бастапқыда ортаға бейімделу қасиетін төмен деңгеймен бастап, біраз өткізілген жаттығулардан кейін пікір алмасып, өздерін емін-еркін ұстап ашыла бастады. Өз-өздерін тәрбиелеу барысында ортаға ой салып, өздерінің жақсы және жаман қасиеттерін де анықтап жазды. Сотталғандар болашақта мұндай психологиялық жұмыстар жалғасып тұрса деген пікірлер мен ұсыныстар түсірді.

         Біздің мақсатымыз осындай психолог мамандардың көмегі арқылы сотталғандардың мінез-құлқының түзелуіне көмектесе отырып, қайта қылмыс жасауға жол бермеу.

11.02.2019