2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.05.2020

Өмір үшін…



ҚР ІІМ ТЖ комитеті төтенше жағдайларды алдын алу және дер кезінде әрекет ету бойынша маңызды міндеттерді орындауда, өрт сөндіруші-құтқарушылар қайғыға тап болған адамдарға көмек көрсетуге әрқашан бірінші болып келеді. Бірақ, өкінішке орай, олардың барлығы үйге оралмайды.

Ерлік, батылдық, кәсіпке деген адалдық, өзін - өзі қорғауға, өзара көмек көрсетуге дайын болу-әрқашан өмір ісімен адамдарды құтқаруды таңдағандардан ерекшеленеді.

Бұл батырларды тек туған-туыстары, жақындары мен әріптестері ғана емес, сондай-ақ өзгелердің өмірлерін өз өмірімен сақтап қалғандар да еске алады.

Осы уақыт ішінде ТЖД қызметкерлері көптеген адамдарды өрттен, су тасқыны мен түрлі апаттардан құтқарып, өз өмірін түрлі қауіптерге тіккен.

Өкінішке орай, өртке қарсы қызмет жауынгерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз өмірлерін тәуекел етеді және одан ешкім сақтандырылмаған.

5-өрт сөндіру бөлімінің Қасымов Р.С., Әлімтаев С.К., Абдранов И.А., Искаков Е.К. сияқты қызметкерлері ел есінде қалған және ерліктерімен көзге түсіп Азаматтық қорғау қызметінің нағыз батырлары болды. Өз ісіне адал берілген ер азаматтар қас батырдай қаза тапты. КСРО Жоғары Кеңесі Президумының Жарлығымен ержүректілігі мен батылдығы үшін қаза болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен наградталды.

- Менің әкем қайтыс болғанда, мен 4 жаста ғана болатынмын – деп Еркін Ысқақовтың ұлы Айдын Ысқақов үні дірілдей еске алады . 1989 жылғы 20 мамыр - біздің отбасымыз үшін ғана емес, бүкіл Алматы қаласының тарихы үшін қайғылы болды. Газ тарату станциясының кіре беріс жолында 60 тонналық «пропан» тұрмыстық газы бар алты цистернаны берер кезінде, дәл осы сәтте теміржол тұйығынан «Қазқұрылысматериалдары» базасынан үш жүк вагонын шығарып жатқан маневрлі тепловозбен соқтығысты, екінші цистернаның бүйіні тесілді. Газ тарап, ол тепловоз дизелінің қызған коллекторынан тұтанды, алаулаған от пайда болып, ол бірінші цистернаны қыздыра бастады. Сол сәтте ешкім де өз жолында барлық нәрсені жойып жіберетін жалындаған өрт қаншама жерді шарпып кететінін болжай да алмаған еді..... Негізгі соққыға 5-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірінші түсті – олар оқиға орын алған жерге алғаш болып келгендер.

Бізді мектепте «Батырдың ұлы» деп атайтын. Әлі күнге дейін әкемді жоғалтқаныма мойынұсына алар емеспін – дейді Айдын, көзінде домаланған

жасты жасырып. Бәлкім, үйдің жалғыз баласы болғандықтан болар, әкеме қатты бауыр басқан едім. Өсе келе әке жолын қууға бекем бел будым.

Қазір Айдын Алматы қаласы ТЖД Алатау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде аға инженер болып жұмыс істейді, ол әкесі жұмыс істеген № 3 өрт сөндіру бөліміне жиі келіп тұрады, онда тіпті бөлімнің қабырғасы да тарихтан сыр шертеді...

2009 жылы қаза тапқандардың құрметіне 3-ӨСб аумағында Ескерткіш тас – обелиск орнатылды. Жыл сайын дәстүр бойынша 20 мамырда олардың туыстары, достары, әріптестері келеді, мұнда біз балалық шағымызды еске алып, еркін сырласып, әңгіме айта аламыз.

Айдын үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр. Алты жасар Мақсат атасының фотосуреттермен ғана емес, әжесінің әңгімелері арқылы да біледі. Хатифа әжесі, Еркін Ысқақовтың жұбайы атасы туралы жылы лебіздер айта отырып, ұлы Айдынға осы жолдағы жұмысқа да сүйіспеншілігін оята білді.

Оттың дүлей күшімен қиын шайқаста, қанша қайғылы болса да, ТЖ қызметкерлері қаза болады. Анашым маған мақтанышпен айтып беретін, ал енді менің балаларыма да, менің әкем олардың атасы - бейбіт уақытта нағыз батыр екенін, өз ісімен басқалардың өмірін құтқарғанын еске алады.

Әрине, еті жақын адамның орнын ешқашан да толтыра алмайсың...

Айдынның айтуынша, оның әкесі батыл ержүрек адам, жоғары сынып маманы, тамаша күйеуі мен әкесі болған. Оның есебінде жүздеген құтқарылған өмірлер бар.

Оның өз, бір рет және мәңгі таңдалған ісіне деген адалдығы ол үшін ғана емес, өскелең ұрпақ үшін де шынайы адамгершілік бағдар және жарқын үлгі болып табылады…

Алматы қаласы ТЖД                                                                          

Алатау ауданының төтенще жағдайлар бөлімі

18.05.2020