2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Almatytv. Алатау ауданыны әкімі аппаратының мобильдік тобы «COVID-19» инфекциясының таралуының алдын алу барысында карантин кезеңінде санитарлық талаптарды сақтау бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

10.07.2020
Almatytv. Алатау ауданыны әкімі аппаратының мобильдік тобы «COVID-19» инфекциясының таралуының алдын алу барысында карантин кезеңінде санитарлық талаптарды сақтау бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.


08.07.2020
Жұмыс сапары барысында бүгін аудан әкімі Азамат Қалдыбеков инженерлік желілер құрылысының барысын тексерді.


07.07.2020
Бүгін аудан басшысы Азамат Қалдыбеков Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Тоқтарханұлының қатысуымен ауданның проблемалық мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2019

Ата-аналар, балаларды терезеден құлап кетуден сақтаңыздар!

Жыл сайын жаз маусымында статистика қайғылы оқиғамен басталады: себебі, балалар биік қабаттардағы ашық тұрған терезелерден құлап кетеді. Биыл қалада осындай 5 оқиға тіркелді, нәтижесінде балалар жарақат алды, олардың кейбіреуі- өлімге әкеліп соқты!

Бұл жағдай көбіне ересектердің терезелер мен балкондарды күндіз-түні ашық қалдыруынан орын алады. Тәуекелділігі жоғары аймақта 5 жасқа дейінгі балалардың табиғи қызығушылығы басым болады, олар өмірлеріне төнетін қауіпті білмейді.

Сонымен, 2 тамызда екі бала терезеден құлады - Медеу ауданында 4 жасар бала бес қабатты үйдің 5-қабатынан құлап, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кетті. Сол күні, Әуезов ауданында екі жасар қыз бала терезеге орнатылған тормен қоса құлады. Басы ашық жарақат алған сәби ауруханаға жеткізілді, соңынан комаға түсті.

Осы жағдайларға байланысты, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті ата-аналарға төмендегідей ережелерді ескертеді:

- егер терезе 12,5 см.-ден артық ашық болса, балаңыз терезеден құлап кетуі мүмкін;

- кең ашылуға мүмкіндік бермейтін терезе құлыптарын орнатыңыз;

- балаларға терезелерден алыс ойнауды үйретіңіз;

- балаларды үнемі бақылауда ұстау керек; - терезеге орнатылған торлар балалардың құлап кетуіне қорған бола алмайды; - терезені ашуға мүмкіндік бермейтін шектеулер қойыңыз.

19.08.2019