АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Менің ауламдағы спорт

12.11.2018

Менің ауламдағы спорт



09.11.2018

Ақсақалдар кеңесінің президиумы



08.11.2018

Жаңа жол салу құрылысы басталды


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.10.2018

10 жылдық мерейтойыңмен Алатау!

         

        Бүгін Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойы қала көлемінде атталып өтті. Аудан тұрғындары мен қала қонақтарын қосқанда барлығы 3000 адам дүбірлі мерекені атап өтуге ат салысты. Дүбірлі той «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ашық алаңындағы концерттік бағдарламамен басталды. Алаңда, 5 қазақ үй тігіліп, іші қазақтың қолөнер бұйымдарымен толтырылды. Мерекелік шараның қонақтары ат әбзелдері мен қолөнер бұйымдарын жасайтын шеберлердің шеберлік сағатына қатысып, арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Ашық аспан астындағы мерекелік концерт қала әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің қатысуымен өткен салтанатты жиынмен жалғасты.Салтанатты жиында қала әкімі аудан тұрғындарын құттықтады. Қала әкімі өз сөзінде Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылған бұл ауданның жеткен жетістіктерін ерекше атап өтті. Құттықтау сөзінен кейін ауданға еңбегі сіңген азаматтарды «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Салтанатты жиын қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.









27.10.2018