АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ашық есік күні

16.09.2019
Ашық есік күні


16.09.2019
Алматының туған күні аудан көлемінде аталып өтті.


13.09.2019
Отбасы тақырыбында жиналыс өтті.

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Бүгін Аудан басшысы Шахмерден Рыспаев «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауына байланысты актив жиналыс өткізді.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.09.2019

Бүгін Аудан басшысы Шахмерден Рыспаев «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауына байланысты актив жиналыс өткізді.



05.09.2019 ж Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің алғашқы жолдауында- гуманизацияның белең алып кеткендігі жөнінде, адам құқының тапталмауы әсіресе балаларды қорғау, қылмыскерге жазаның қатаңдату, Екінші сектор, еңбек саласы- Мемлекеттік сатып алулардың бей-берекетсіз жұмыс жасамауы. Шағын бизнестің жаңа моделі шағын және орта бизнесті салықтан босату. Сонымен қатар Мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жылда өсіріп, оқу процесіне түбегейлі реформа жасауға тапсырма берген болатын. Келесі мәселе, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бірінші қаңтардан бастап іске қосылады деген болатын.


Бүгінгі жиынға аудан әкімі Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев, Аудандық «Nur Otan» партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұханғали Тұрашұлы аппарат ұжымы ауданның жауапты мекемелері және ұжы басшылары қатысты. Аудан басшысының әлеуметтік сала бойынша орынбасары Саят Ағыбаев жолдауда көрсетілген 5 бағыт бойынша айшықтап айтып берді. Сонымен қатар, әкім белгіленген бағыттарды ауданда іске асыру бойынша іс-шаралар мен міндеттер айқындалатынын атап өтті.


- партия құрылыс үдерісін жалғастыру, яғни «Nur Otan» партиясы сияқты басқада партиялармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасауымыз қажет.

- халықпен кері тиімді байланыс орнату. Адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару.

- Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру.

- Қоғамдық келісімді нығайту. Қоғамда ұлтаралық татулық дамыту баршамыздың міндетіміз. Жиынды қорытындылай келе аудан басшысы Шахмерден Рыспаев Мемлекет басшысы Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, ауданның әлеуметтік –эконономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш-қайратты жұмсауға шақырды.

05.09.2019