АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Таза қолдар» тақырыбындағы өткізілген акция

11.11.2019
«Таза қолдар» тақырыбындағы өткізілген акция


08.11.2019
«Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары алматылық құтқарушылармен кездесті


07.11.2019
Су құбыры желіндегі «апат» сәтті жойылды!

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.04.2019

Алатау аудандық ардагерлер ұйымының кеңесі пленум өткізді


Пленум мүшесі болып 35 адам, тексеру комиссия мүшесі болып 3 адам сайланды. Жиында Алатау аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев, әлеуметтік сала бөлім меңгерушісі Алмас Солтанғазин мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі Айжан Бауыржанова және бастауыш ардагерлер ұйым мүшелері, тексеру комиссия мүшелері толық қатысты.


Пленум күн тәртібінде Алматы қаласында Зейнеткерлердің салауатты өмір салтын ұстануы әрі олардың ұзақ өмір сүруі жайлы бағдарлама барысы туралы айтылды. Аталмыш тақырыпта Алатау ауданы ардагерлер ұйымы төрағасы Құдайберген Қабдолдинның баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары С.Ағыбаев, мәдениет және тілдерді дамыту комиссиясының төрағасы Әлібек Солтанбеков, Алғабас ықшамауданының бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Қасен Шалабаев т.б баяндама оқыды.

VIII- пленумін ардагерлер ұйымының төраға орынбасары Таубалды Сағатұлы қорытындылады.

23.04.2019